Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Мемлекет басшысы Қазақстанның үлкен мақсатын атады

Кеше, 16:10

Зор мүмкіндіктермен қатар, үлкен қауіп-қатерлер де қатар жүретін дәуірде енжарлық таныту тарихи жеңіліспен пара-пар. Бұл жөнінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

– Алдымызда бір үлкен мақсат тұр. Ол – Әділетті, Қуатты, Таза әрі Прогрессивті Қазақстанды құру. Біз зор мүмкіндіктермен қатар, үлкен қауіп-қатерлер де қатар жүретін дәуірге қадам бастық. Ұлттың болмысы дәл осындай тағдыршешті кезеңдерде айқын көрінеді. Енжарлық танытып, күтіп отыру тарихи жеңіліспен тең. Заман талабына беретін бірден-бір дұрыс жауап – стратегиялық тұрғыдан озық әрекет етіп, Қазақстанның болашақ келбетін қалыптастыру. Әйтпесе, біз үнемі басқалардың соңынан қуып жетуге тырысатын даму жолынанан шыға алмаймыз, – деді ол.

Сонымен қатар, Президент Мемлекет прогресінің ең жоғары өлшемі әрі барлық реформаның оң нәтижелерін тұтынушы, яғни қазіргі тілмен айтқанда, басты бенефициары азаматтарымыз екенін атап өтті.

– Сондықтан менің стратегиялық бағдарыма өзек болатын басты идея – Әділеттілік, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Президент ел дамуының ұзақмерзімді басымдықтарына арналған құжат әзірлеуді тапсырды.



Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив