Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Арман Жүдебаев Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды

24-05-2023, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Арман Әділханұлы Жүдебаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.

2009-2011 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы.

2011-2013 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы.

2013-2018 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері.

2018 жылдан осы уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.

Бұған дейін осы лауазымды атқарған Кәрібжанова Роза Самидоллинқызы берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив