Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Абай облысында 400-ден астам адам өз көлігін заңдастырды

3-02-2023, 17:00 Думан Кенжеғазыұлы

Біржолғы заңдастыру басталғаннан бері арада 11 күн өтті, шамамен 3031 өтінім беріліп, оның 968-і мақұлданды. 
 
420 азамат қазақстандық техникалық құжатты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгілерін алды. Айта кету керек, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
 
Өтінім беру тәсілдері: электрондық үкімет порталы арқылы еGov.kz; Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы; ХҚКО-ларда. Ереже бойынша автомобиль Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте тұрмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автомобиль кедендік тазартудан өтуі тиіс.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив