Биыл елімізде отбасының цифрлық картасының мүмкіндіктері артады
ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтың төрағалығымен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да өткен көшпелі кеңесте «Отбасының цифрлық картасының» (бұдан әрі-ОЦК) мүмкіндіктер талқыланды.
Шараға орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері мен олардың орынбасарлары қатысты.
Жиналыс барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылдың 1 қаңтарында ОЦК жұмыс режимінде іске қосылғаны туралы хабардар етті. Онда отбасының әл-ауқатының деңгейін анықтайтын 80 критерий ұсынылған, оның көмегімен азаматтарға қандай көмек қажет екені анықталады.
Сонымен қатар, министр 2022 жылдың 1 қыркүйегінде пилоттық режимде қосылған ОЦК-ның тәжірибесімен бөлісті. Жалпы апробация кезеңінен бері мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін проактивті форматта барлығы 77 мың SMS-хабарлама жіберіліп, 30 мыңға жуық төлем тағайындалды.
Жиналысға қатысушылар ОЦК-ның пилоттық кезеңінде анықталған статистикалық көрсеткіштер мен деректерді талқылап, сондай-ақ бірлескен ортақ жұмыстарды өткізуге келісті.