Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Семейлік оқушылар республикалық дебат ойындарына жолдама алды

5-02-2023, 11:22 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы білім басқармасы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында өткен дебат турнирінде Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі командасы жүлдеге ие болды. 

Республикалық ұлттық пікір-сайыс турниріне іріктеу мақсатында өткізілген облыстық кезеңге қатысқан 11 сынып оқушысы Аяулым Нургожина мен 9 сынып оқушысы Ален Аусенов жұбынан құралған «Slayers» командасы (жетекшісі: З.Зайниева) ағылшын лигасында І орын алса, 11 сынып оқушылары Зере Мәжит пен Аружан Аукеновалардың «EffBadd» командасы (жетекшісі: Ә.Дүйсенбаева) ІІІ орынға жайғасты.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Жеңімпаз «Slayers» командасы кубокпен бірге республикаға жолдама ұтып алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив