Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде үш вице-министр мен аппарат басшысы тағайындалды

9-10-2023, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин, Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков және Иран Шарханұлы Шархан өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері лауазымдарына тағайындалды. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Рахымжан Ержанұлы Исақұлов ведомство аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Тимур Қарағойшин өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды.

1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын, Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1978 жылы бастаған. Ол жылжымалы механикаландырылған колонналардың шебері, прорабы болды, Сәулет-құрылысты бақылау бюросын басқарды. Құрылыс істері комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орталығының директоры болып жұмыс істеді, БҚО әкімдігінде департаменттер басқарды. 2005-2007 жылдары — Орал қаласы әкімінің орынбасары. 2023 жылдың сәуір-тамыз аралығында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы қызметін атқарды. 2023 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды.

Азамат Бейісбеков ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды. 

1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Әр жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, Премьер-Министр Кеңсесінде, Президент Әкімшілігінде, Қауіпсіздік Кеңесінде жұмыс істеді. 2022 жылдан 2023 жылға дейін — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы. 2023 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Иран Шархан өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды.

Иран Шарханұлы Шархан 1987 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген. Әр жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы маркетинг бойынша маман, сарапшы, Мемлекеттік сатып алу басқармасы бас сарапшысы болып жұмыс істеді. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік сатып алу басқармасын басқарды. 2020-2021 жылдары – Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды.

Рахымжан Исақұлов өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

1987 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Роял Холловей Лондон университетін, Бедфорд Нью колледжін (Ұлыбритания) бітірген. 2016 жылы Жапония үкіметінің гранты бойынша Ұлттық Аспиранттар саяси зерттеулер институтын тәмамдаған.

Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің кеңесшісі, инспекторы болды. 2016 жылдан 2018 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 2018 жылдан 2020 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болды. 2020 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2020 жылдан 2022 жылға дейін — Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы. 2022 жылдан бастап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив