Мәжілісте отандық дәріханалар үшін GPP стандарттарын ерікті енгізу қолдау таптты
Депутаттар «Атамекен» ҰКП мен бизнес-қоғамдастықтың тиісті дәріхана практикасы (GPP) талаптарын сақтау бөлігінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексіне түзету енгізу туралы ұсынысын қолдады. Енді Қазақстанда GPP енгізу ерікті негізде жүзеге асырылатын болады.
Депутаттар Кодекске түзетуді ҚР Парламенті Мәжілісінің «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы шеңберінде қолдады.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық дәріханалардың барлығы GPP – тиісті дәріхана практикасының халықаралық стандартын енгізуі тиіс еді. Бұл стандарт провизорлар халыққа көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Оны Қазақстанда енгізу мерзімі үш рет ұзартылды. 2023 жылдың бірінші тоқсанында елдегі дәріханалардың жалпы саны 10453 құрады, оның 3,5 мыңға жуығы ауылдық жерлерде орналасқан. Дәріханалардың жалпы санының 10%-ы ғана GPP талаптарына сәйкес келеді.
«Атамекен» ҰКП деректері бойынша субъектілердің стандарт енгізуге дайын болмауының негізгі себептері орынжайлардың сәйкес келтіру, жабдықтарды жаңғырту және компаниялар құрылымын қайта ұйымдастыру, персоналды оқыту үшін инвестицияларды талап ететін қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер.
Ұлттық палата сарапшылары мен кәсіпкерлердің өздері атап өткендей, GPP енгізу құжат айналымының санын ұлғайтады; тексеру кһбееді, өйткені санитариялық-эпидемиологиялық қызметтен басқа дәріхананы фармацевтикалық инспекторат тексеретін болады; сондай-ақ дәріхананы күтіп-ұстауға арналған шығыстар (қосымша қызметкерді жалдау, жабдықтар мен компьютерленген жүйелерді валидациялау, ұрлықты болдырмау бойынша жабдықтарды орнату және қызмет көрсету және т.б.).
Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, 2023-2025 жылдарға арналған GPP стандартына көшу кестесін құрды. 5000-ға жуық дәріхана осы стандартты енгізуге ниет білдіріп, кестеге енгізілді. Үш жыл ішінде ҚР ДСМ фармацевтикалық инспекторымен бірлесіп, осы міндетті орындайды.
Бұдан басқа, ҚР ДСМ фармацевтикалық инспекцияны жүргізу мерзімдерін және сертификат беру мерзімдерін қысқарту мәселесін қарады. Сондай-ақ, Министрлік тиісті дәріхана практикасының стандартын егжей-тегжей пысықтады, GPP алу рәсімін жеңілдететін түзетулер енгізді. Өңірлерде өз кезегінде GPP стандартын енгізу бойынша жиындар мен оқу өткізіледі.
Сонымен қатар, GPP стандартына сәйкес жұмысқа ауысқан дәріханалар үшін ынталандыру шаралары, оның ішінде заңнамаға GPP стандартына сәйкес келетін дәріханаларды босататын нормалар енгізіле отырып көзделетін болады.