Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Қазақстанда 27 мыңға жуық шетелдік көлік заңдастырылды

14-02-2023, 11:23 Думан Кенжеғазыұлы

Заңдастырудың алғашқы 20 күнінің қорытындысына сәйкес Қазақстанда 27 мыңға жуық көлік құралын тіркеу жүргізілді. Тағы 65 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірлік агрегаттарды салыстыруға және одан әрі тіркеуге жіберілді.

Сонымен бірге ІІМ автокөліктерді заңдастыру процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешу үшін талдау жүргізуде.

Атап айтқанда, заңдастыру процесінде көбіне басқару органдары оң жақта орналасқан автокөліктер анықталды, олар ел аумағына қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, кейіннен Қазақстан азаматтарына сатылған.

Аталған көліктер бойынша Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеудің құқықтық тетіктерін әзірледі. Қазір заңмен ресімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив