Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Қазақстан СІМ-де USAID-пен өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды

14-02-2023, 13:06 Думан Кенжеғазыұлы

Астана, 2023 жылғы 13 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров USAID Әкімшісінің орынбасары Изобель Коулманмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен USAID арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын, басым бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Өз тарапынан И. Коулман ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүзеге асыруға жәрдемдесетін жобаларына қолдау көрсетуге дайындығын білдірді. Сұхбаттасушы америкалық тараптың Арал теңізін қалпына келтіруге, су ресурстарын тиімді басқаруға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күреске қолғабыс көрсетуді жалғастыруға ниетін растады.

Сонымен қатар, тараптар KazAID пен USAID арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

Анықтама: 1992 жылдан бастап USAID Қазақстанда көптеген жобаларды жүзеге асырып, олар экономиканы әртараптандыру, энергетика, экология, денсаулық сақтау, заң үстемдігі секілді бағыттардың кең ауқымын қамтиды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив