Ғылым және жоғары білім министрінің ҚХА мүшелерімен кездесті
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті.
Іс-шараға ҚХА, этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері, депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ ЖОО ҚХА кафедраларының өкілдері қатысты.
Мақсаты - этносаралық қатынастар мәдениетін қалыптастырудағы ғылым мен жоғары білімнің рөлін, студент жастардың қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірегейлігін нығайту үдерісіндегі трансформацияны белгілеу және талқылау.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қазақстанның барлық этностары арасында сапалы білім алу үшін тең мүмкіндіктер құрудың маңыздылығын атап өтті:
«Білім беру сапасын арттыру біздің болашағымыз үшін маңызды міндет болып табылады. Жоғары білім мен ғылым жүйесі азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда, өз елінің дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуде шешуші рөл атқарады».
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі өз баяндамасында ведомствоның жетістіктері, қайта құрулары және алдағы жоспарлары туралы атап өтті.
«Жоғары білім беруді трансформациялау бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Қазір жұмыс жасанды интеллект, «күміс университеті», жоғары оқу орындарын цифрландыру бағытында жүргізілуде. Студенттік ғылымға ерекше көңіл бөлінеді, бүгінде біз ғылыми еңбектердің нәтижелерін көріп отырмыз. Ғылымда 5 басым бағыт - әкімшілендірудің жаңа модулі, Ғылым академиясын қайта жүктеу, Ұлттық кеңес құру және т.б. Қазір «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылдануда, оның шеңберінде құрылымдық шаралар ұсынылды. Осындай шаралардың бірі – кәсіпкерлерге, зауыттарға, өнеркәсіпке арналған салықтық супер шегерімдер. Мұндай супер шегерімдер жоғары технологиялық кәсіпорындардың өсуін, ҒЗТКЖ мен инновацияларға инвестиция салатын ШОБ үлесінің ұлғаюын және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша КТС бойынша салық салынатын кірісті (ССК) жұмсалған шығыстардың 300%-на дейін төмендетуге мүмкіндік беретін бұл түзетулер», - деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Кездесу аясында осы бағыттағы жобаларды гранттық қаржыландыру, кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу, патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, жоғары оқу орындарында әлеуметтік интегралды GPA енгізу және т.б. мәселелер көтерілді.
Сонымен қатар, еліміздің әр өңірінен қатысушылар онлайн-режимде студенттердің жайлы оқу ортасына қатысты өзекті сұрақтар қойды.
Іс-шара соңында ұсыныстар берілді және айтылмаған мәселелер бойынша жазбаша түрде жауап беру туралы шешім қабылданды.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстанның этникалық саясатын іске асыру мақсатында 41 кафедра, орталық және жоғары оқу орындары жанындағы өкілдік жұмыс істейді. ҚХА кафедралары жоғары оқу орындарында гранттық қаржыландыру жобаларын өңірлік деңгейде, оның ішінде шетелдік ғалымдармен бірлесіп іске асырады.