Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Сенатта бюро отырысы өтті

29-01-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 1 ақпан күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Аталған заңның нормаларына сәйкес Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерін жайластыруды және материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындау мерзімін 108 айға дейін ұзарту ұсынылады.

Сонымен қатар Палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралады. Бұл құжат осы салалардағы заңнаманы жетілдіруді көздейді.

Мәселен, заңда мектеп, балабақша және аурухана құрылыстары есепке алынбаған жағдайда көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын шектеу нормасы қарастырылған.

Сондай-ақ Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.

Суретті түсірген: Н. Байбулин

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив