Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

​​31 қаңтар 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

30-01-2024, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Депутаттар екінші оқылымда трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарайды. Үкімет әзірлеген заң жобасы трансферттік баға белгілеу саласындағы заңнаманы жетілдіру әрі капиталдың елден шығарылуын бақылау шараларын күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама және 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі хаттама қаралады.

Бұдан бөлек Мәжіліс комитеттері бірқатар заң жобасын жұмысқа алады: күзет қызметі, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сатып алу және заңнамалық актілерді нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуі тұрғысынан ревизиялау мәселелері бойынша және оған ілеспе заң жобалары.

Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly телеарналарынан көре аласыздар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив