Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

ҚР Қорғаныс министрлігінің делегациясы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде болды

16-02-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов бастаған Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери делегациясы БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде болды. 

Қазақстандық делегация мүшелері БҰҰ Бас хатшысының жедел қолдау жөніндегі орынбасары Атул Харемен кездесті. Тараптар бітімгерлікті дамыту мәселелерін талқылап, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында бітімгерлік контингентті Голан жоталарының аумағында «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясына орналастыру үшін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. 

– Қазақстан үшін бұл тарихи қадам. Егер бұрын біздің бітімгерлік контингентіміз басқа елдер бөлімшелерінің құрамында қызмет атқарса, енді бұл дербес миссия болмақ. Бітімгерлік миссияларға қатысу – әскери қызметшілердің жауынгерлік дағдыларын арттыруға ықпал ететін оқытудың маңызды құрамдас бөлігі, – деп атап өтті генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің бітімгерлік әлеуетін одан әрі арттыру және нығайту мәселелерін талқылау үшін БҰҰ Хатшылығының құрылымдық бөлімшелерімен жұмыс кездесулері өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив