Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту – заман талабы

11-03-2024, 17:52 Мадина Айдарова

Satbayev University базасында «Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін дамыту және практикалық қолдану» тренингі өтті. Алматы қаласында өткен шараны «Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі климаттық саясат саласындағы әлеуетті дамыту» (CDCP)» GIZ жаһандық жобасының қолдауымен «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы ұйымдастырған.

Іс-шара шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы заманауи әлемдік трендтер, парниктік газ шығарындыларын азайту құралдары, жаңартылатын энергия көздері жобаларын жүзеге  асырудың экономикалық аспектілері, оның ішінде ЖЭК-ті қаржыландыру мен қолдаудың халықаралық тәжірибесі, сондай-ақ ҚР ЖЭК саласын мемлекеттік реттеу жүйесі (НҚА), ЖЭК даму перспективалары және басқа да мәселелер талқыланды.

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның Ж.Әбішев атындағы ХМИ филиалының Ферроқорытпалар және қалпына келтіру процестері зертханасының меңгерушісі, PhD Ерболат Махамбетовтың айтуынша, тренингке қатысу білім деңгейін арттыруға, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, технологияларды металлургиялық процестерге қабылдау мен енгізуді жеделдетуге ғана емес, сонымен қатар институт ғалымдарының көмірқышқыл газы түзілмейтін немесе көмірқышқыл газы айтарлықтай аз мөлшерде түзілетін металлургиялық процестердің баламалы әдістері мен компоненттерін қолдану арқылы металлургиядағы көмірқышқыл газы шығарындыларының үлесін азайтуға мүмкіндік беретін технологиялар әзірлеуіне серпін береді -деді".

Ал «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның  «Д.А.Қонаев атындағы ту-кен істері институты»  филиалы ғалымдары  20 жылдан астам уақыт бойына ЖЭК мәселелерімен айналысып келеді. Атап айтқанда, конструкторлық құжаттама әзірленді және дәстүрлі электрстанциядан тиімділігі 2 есе артық қуаттылығы әр түрлі  (2 кВт, 5 кВт және 30 кВт) жел электр станцияларын және тиімділігі 18-20% орнына 45-60% болатын  жаңа буын күн батареяларын жасады. Бұл ретте әлемде алғаш рет электр энергиясының құны классикалық энергия желілерінің энергия құнынан аспайды.

 «Біз электр энергиясымен проблемалары бар ауылдарда бірнеше жел электр станцияларын жасап, орнаттық»

Біздің жел электр станцияларымыздың артықшылығы сол олардың автоматты түрде өзгеретін ометаем бетінің ауданы бар және 3-тен 50 м/с-қа дейінгі жылдамдық диапазонында шұғыл  континентальды климаттың желдерінде және пайдалы әсер ету, қуатты пайдалану және уақыт бойынша жоғары коэффициентте тиімді жұмыс істей алады», - деп бөлісті «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның «Д.А.Қонаев атындағы тау-кен істері институты»  филиалының директоры, ҚР ҰҒА академигі Николай Бүктіков, ЖЭК бойынша әзірлемелер Астанадағы ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы»  халықаралық мамандандырылған көрмесінде ұсынылып, жоғары бағаланды.

Автор Италияға жұмыс істеуге шақырылды, бірақ, өз елінде жел электр станцияларын іске қосу үшін шақырудан бас тартты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив