Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.91 499.05 5.3

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік өтті

19-10-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында кезекті рет жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық акциясына қала әкімі Әділет Қожанбаев, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйым мүшелері және тұрғындар белсене қатысты.

Сенбілік барысында саябақтар, аулалар мен көшелер тазартылып, ағаш бұталары мен жапырақтар жиналды. Сонымен қатар қоғамдық орындар ретке келтірілді.

Қала әкімі тұрғындарды таза әрі жайлы Семейді бірге қалыптастыруға шақырып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Нәтижесінде ондаған тонна қоқыс арнайы техникамен ТҚҚ полигонына шығарылды. Сенбілік шарасы қала тұрғындарының белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

Сенбілікке 2000-нан астам адам қатысты. Нәтижесінде қала полигонына 400 текше метрден астам қоқыс шығарылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив