Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
443.62 492.24 5.36

Семейде Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті

Бүгін, 16:10

Семейдегі Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада «Этносаралық қатынастар саласының жаңа архитектурасы: БАҚ рөлі» тақырыбында Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға ішкі саясат органдарының, «Қоғамдық келісім» мекемелерінің, этностық БАҚ пен баспасөз қызметтерінің өкілдері, журналистер, медиасарапшылар және блогерлер қатысты.

Қатысушылар этносаралық келісімді нығайтудағы БАҚ-тың рөлін, этносаралық қатынастар туралы материал әзірлеудің кәсіби тәсілдерін және ақпарат таратудағы жауапкершілік мәселелерін талқылады.

Отырыс журналистикадағы продюсерлік, медиасауаттылық, жасанды интеллектіні қолдану және этносаралық тақырыптарды жариялау бойынша медиатренингтермен жалғасты. Деректерді тексеруге, жалған ақпараттың таралуына қарсы тұруға және редакциялық шешімдер қабылдауға ерекше көңіл бөлінді.

Сондай-ақ Журналистер клубын тәжірибе алмасуға, БАҚ, баспасөз қызметтері мен медиасарапшылар арасындағы байланысты нығайтуға арналған кәсіби алаң ретінде одан әрі дамыту жолдары қарастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив