Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
443.62 492.24 5.36

Орман шаруашылығының әлеуетін арттыру үшін сала мамандарының мәселесін шешу маңызды

Бүгін, 17:52

Орманды сақтау мен қорғау – үлкен жауапкершілік. Бұл жұмыстың нәтижелі болуы сала мамандарының еңбегіне лайықты жағдай жасалып, орман ресурстары тиімді пайдаланылғанда ғана мүмкін.

«Әділет» партиясынан кандидаттар «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының ұжымымен кездесіп, орман шаруашылығы саласының өзекті мәселелерін талқылады.

Думан Орынбеков өз сөзінде орман шаруашылығының дамуы тек табиғи ресурстарды қорғаумен шектелмеуі керектігін атап өтті. Ал Айнұр Арғынбекова өңірде ағашты терең өңдеу өндірісін дамыту қажеттігін көтерді. Сондай-ақ сала қызметкерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.

«Бізде ағаш ресурстары болғанымен, оларды терең өңдеп, дайын өнім шығаратын өндірісті дамыту мәселесі әлі де өзекті. Бұл бағыт өңір экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар орманды қорғап, сақтап жүрген мамандардың материалдық-техникалық жағдайы да назардан тыс қалмауы керек. Олардың күнделікті жұмысында кездесетін мәселелерге бейжай қарай алмаймыз. Сала қызметкерлерінің ұсыныстарын ескеріп, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету маңызды», – деді ол.

Кездесу барысында Эльзира Солтабаева «Әділет» партиясының Абай облысы бойынша 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының тоғыз негізгі бағыты туралы айтып, олардың өңірдің экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуын қамтитынын жеткізді.

Ал Роллан Ибраев орман шаруашылығы қызметкерлеріне табиғатты сақтау мен қорғау жолындағы еңбектері үшін алғыс білдірді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, сала мамандарының ұсыныстары мен өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Дайындады: «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Ибраев А.М.
Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив