Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
443.62 492.24 5.36

Абай ауданының Көкбай ауылында спорт кешені ашылды

Бүгін, 17:22

Жаңа спорт нысанының ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли қатысты. Аймақ басшысы ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасаудың маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысының халықты қолжетімді спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында Абай облысында спорт нысандарын салу, жаңғырту және олардың қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгін Көкбай ауылы үшін ерекше күн. Бұл ауылға былтыр да келгенмін. Сол кезде осы спорт кешені сақалды құрылысқа айналып, үш жарым жылдан бері аяқталмай, тоқтап тұрған еді. Мәселені назарға алып, құрылысты аяқтауға қаржы қарастырдық. Аталған нысан ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба. Жаңа спорт кешені Көкбай ауылының тұрғындарына ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, ауылда бұқаралық спорттың дамуына және салауатты өмір салтының қалыптасуына өз үлесін қосады деп сенеміз», – деді Берік Уәли.

Жаңа спорт нысанында ауыл тұрғындары, оның ішінде мектеп оқушылары дзюдо, қазақ күресі, футбол және волейбол спорт түрлері бойынша үйірмелерге қатыса алады. 

Спорт кешенінің жалпы ауданы 1200 шаршы метрді құрайды. Оның 628 шаршы метрі спорт залына, 572 шаршы метрі әкімшілік-тұрмыстық бөлмелерге арналған. Нысан бір ауысымда 72 адамды қабылдай алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив