Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
520.48 574.61 6.06

Жалпы өңірлік тазалық акциясы кең ауқымда өткізілді

7-04-2025, 08:33 Думан Кенжеғазыұлы

Облыста аймақ басшысы Берік Уәлидің бастамасымен жалпыөңірлік тазалық акциясы басталды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілген тазалық шарасы өңір тұрғындарының қызу қолдауына ие болды. Облыстың барлық қала-аудандарында сенбілік ұйымдастырылды. Қатысушылар аумақтарды күл-қоқыстан тазартып, жасыл аймақтарды ретке келтірді. Бұл бастама тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын көрсетіп қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етті. Шара барысында құрал-жабдықтар, қолғап, қаптар және басқа да қажетті материалдар берілді.

Семейдегі жалпықалалық сенбілікке 20 мыңнан астам адам қатысып, 1000 текше метрден астам қоқыс полигонға шығарылды.

Мақаншы ауданында да ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Оған 3 мың адам қатысып, 2 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды.

Бесқарағай ауданындағы тазалық шарасына 300-ге жуық тұрғын белсенді қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосты. 1 мыңға жуық көшет отырғызылып, ауыл көшелері тазартылды.

Ал Көкпекті ауданындағы тазалық акциясына 1 мыңға жуық адам, 30 арнайы техника тартылып, 20 тоннадай қоқыс шығарылды. Аудан көлеміндегі сенбілік шалғай ауылдарда да ұйымдастырылды.

Абай ауданының Қарауыл ауылында 300-ден астам мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жаппай сенбілік өтті. 15 тонна қоқыс шығарылды.

Курчатовтағы жалпықалалық сенбілікке кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысты. Шаһар тұрғындары таңертеңнен бастап түскен жапырақтарды жинап, жаяу жүргіншілер жолдарын сыпырып, көгалдар мен маңайдағы аумақтарды тазартты. 1000 қаптан астам қоқыс шығарылды. Курчатов қаласының санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру жұмыстары апта сайын жалғасын таппақ.

Аягөз қаласының тұрғындары да тазалық акциясында белсенділік танытты. Сенбілікке 3 мыңнан астам адам қатысып, қаланың орталық көшелері, саябақтары, аулалары мен қоғамдық орындарын күл-қоқыстан тазартты. Сенбілік нәтижесінде 1000 қап қоқыс шығарылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив