Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Алматыда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» II-ші халықаралық ғылыми форумы өтіп жатыр

15-03-2024, 12:00 Мадина Айдарова

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Наурыз мейрамына арналған «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» II-ші халықаралық ғылыми форумы өтіп жатыр.

Форум жұмысына Қазақстанның ғана емес, Орта Азияның да ғалымдары мен музей мамандары қатысуда. Олар түркі халықтарының тарихы, мәдени және тілдік бірегейлігіне қатысты мәселелерді талқылап, ғылыми және мәдени әріптестікті дамытудың барлық салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды. Сонымен қатар музей тәжірибесімен алмасу семинарлары ұйымдастырылып, ғылыми вебинарлар өтуде.

Форум аясында қазақ халқының түркі заманынан бүгінге дейінгі мұрасын, бірегей тәлімдік жүйесі мен ұлттық тәрбиесін дәріптейтін «Тәрбие басы – тал бесік» этнографиялық көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге қойылған жәдігерлер қазақ халқының бала өмірге келген сәттен бастап, оның рухани және физикалық дамуына ерекше ден қойғанын көрсетеді. Экспонаттардың ең көнесі – құба талдан иіліп, шеге қолданбай жасалған тал бесік. Бірегей жәдігерді мұражай қорына белгілі саяхатшы әрі фотограф Таймас Нұртаев сыйға тартты.

Көрме 15 сәуірге дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив