Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Сенаторлар әскери қызмет жағдайын жақсарту мәселесін талқылады

15-03-2024, 14:59 Мадина Айдарова

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар әскери қызмет жағдайын одан әрі жақсарту мәселесін талқылады.

Комитет мүшесі Ғалиасқар Сарыбаев Отанды қорғау жолындағы әскери қызметшілердің аман-есен және дені сау қалпында үйлеріне қайтуының маңыздылығын атап өтті.

«Соңғы уақытта армиядағы жағымсыз құбылыстардың алдын алу шаралары қабылдануда. Жастар арасында әскери борышын орындауға ынталандыруды арттыру үшін бірқатар жеңілдіктер жүзеге асуда. Алда әлі талай жұмыс бар. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Қазақстан армиясының абырой-беделін көтеру міндеті кезек күттірмейді. Бұл мәселелер бойынша бірлестік атқаратын жұмыс ауқымды», - деді Ғалиасқар Сарыбаев. 

«Аналар жүрегі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері әскери қызмет кезеңінде адам құқықтарының бұзылуын, қызметшілердің қаза болуы мен жарақат алуын болдырмау мақсатында әскери органдар мен әскери бөлімдердің басшылығымен байланыс орнатудағы көмегі туралы айтып берді. Комитет заңда белгіленген тәртіппен адам құқықтарын сақтау мақсатында шақыру комиссияларының жұмысына қатысады, сондай-ақ әскери қызмет өтетін жағдайларды жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив