Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Қазақстан жол битумының өзіндік модификаторын шығара бастады

15-03-2024, 15:50 Мадина Айдарова

Бүгінгі таңда әлем бойынша асфальтбетонның құрамына полимерлі модификаторлар көбірек қосылып жатыр. Олар материалға механикалық және температуралық жүктемелерге төзімділігінің жоғарылауымен жаңа қасиеттер береді. Полимерлерді кәсіби ортада қолдану жол төсемінің пайдалану қасиеттерін жақсартудың ең тиімді және ұтымды әдісі болып саналады.

Нарықта өсіп келе жатқан сұранысқа байланысты отандық ғалымдар тобы өз полимерін жасап шығарды. Әзірленген құрам ұзақ мерзімді сынақтар мен өнеркәсіптік өндіріске енгізу кезеңдерінен сәтті өтті. Модификацияланған асфальтбетон механикалық тозуға және деформацияға аз ұшырайды, серпімді және пластикалық пішінге ие, сонымен қатар суға төзімділігі жоғары.

Ғалымдар бұл жаңалық Қазақстанның климаттық жағдайлары үшін жақсырақ екенін және шетелдік аналогтардан қолжетімді бағамен тиімді түрде ерекшеленетінін атап өтті.

«Жол сапасына қойылатын талаптар қазір күшейіп келеді, сондықтан мердігерлер жаңа әзірлемелерге көбірек қызығушылық таныта бастады. Модификаторды қолданатын полимербитум жұмсарту және сынғыштық температурасының көрсеткіштерінде жоғары нәтиже көрсетті. Бұл модификатордың елдің оңтүстік және солтүстік аймақтарына сәйкес келетіндігін дәлелдейді, яғни біздің континентальды климатымыз үшін өте маңызды. Жол құрылысы — бұл материалды қажет ететін сала, сондықтан қоспаның әр килограмының құны және оны тұтыну жол құрылысы экономикасы үшін үлкен маңызға ие. Бұл тұрғыда отандық материалдың артықшылығы көп», – дейді ҚазжолҒЗИ жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар департаментінің директоры Мейрамгүл Қабдығалиева.

Қазақстандық QSmart PM полимері түрі бойынша қара ұсақ дисперсті ұнтақ болып табылады, оны тікелей асфальтбетон зауыттарының араластырғыштарына мөлшерлеуге болады. Бұл ретте қосымша қайта жабдықтау талап етілмейді.

Қазіргі уақытта ғалымдар қазақстандық кәсіпорында полимердің өнеркәсіптік өндірісі жүзеге асыру туралы келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив