Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Инвестиция тарту жөніндегі кеңесте инвесторлардың түйткілді мәселелерін шешу жолдары қарастырылды

17-03-2024, 12:00 Мадина Айдарова

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестиция тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиында негізгі жобалар бойынша үлгілік Жол картасын бекіту мәселесі қаралды. Ұсынылған Жол Картасы жобаларды жедел қолдауға бағытталған және оларды іске асыру кезеңдерін, негізгі бақылау нүктелерін, сондай-ақ олардың орындалу барысы мен кідірістерін қамтиды.

Сонымен қатар инвесторлар арасында туындаған түйткілді мәселелерді шешу жолдары, оның ішінде биотехнологиялық препараттар өндірісін оқшаулау кезінде, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған энергетика саласындағы жобалар, сондай-ақ ірі инвесторлардың жобалары қарастырылды. Жобалар Инвестиция тарту жөніндегі кеңестің ерекше бақылауында.

Өз кезегінде, өңірлік деңгейде Жамбыл облысы әкімдігінің инвестиция тарту жөніндегі қызметі қаралды. Өңірде өнеркәсіп, АӨК, сауда және көлік салаларында өсім байқалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив