Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

ҚР ӨҚМ 2023 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың қызметінде қанша заң бұзушылық анықталғанын хабарлады

17-03-2024, 13:10 Мадина Айдарова

2023 жылы Мемлекеттік жер қойнауын басқару бағдарламасына қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін жер қойнауын пайдалануға болатын елдің бүкіл аумағы енгізілді. Бұл жайында ҚР Өнеркәсіп және құрылысы министрлігінің алқа мәжілісінде айтылды.

Жер қойнауын пайдалану арқылы жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде 25 кен орны алғаш рет мемлекеттік есепке қойылды, оның ішінде 10 – қатты пайдалы қазбалар.

Ақпаратқа қолжетімділік қағидатын іске асыру шеңберінде, «Мinerals.gov.kz» жер қойнауын пайдалнушыларға арналған бірыңғай платформасы енгізілген. Бұл ақпараттық жүйе жер қойнауын зерделеу бойынша геологиялық есептердің қолжетімділігін, онлайн режимінде өтінімдерді беруді және ҚПҚ (325 электорнды лицензия берілді) барлауға және өндіруге лицензияларды қабылдауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, барлау құқығын беру үшін былтырдан бері «E-Qazyna.kz» цифрлық платформасында электронды форматта аукциондар өткізіліп келеді. Екі аукционның қорытындысы бойынша қол қою бонусы шамамен 3,5 млрд теңгені құрады. Өткен жылғы тамыз және желтоқсан айларында өткізілген электоронды аукциондарға Қазақстандық компаниялармен аумақтарды барлау құқығына жарысқан Rio Tinto, Fortescue, Kratos Resources, Cove Capital, Esan Eczacibasi және т.б. секілді ірі шетелдік компаниялар алғаш рет қатысты.  

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аукционға тексеріс аясында қайтарылған 23 кен орнын және құрамында алтын, марганец, бокситтар, қорғасын, мырыш, барит, титан, цирконий, вольфрам, көмір және т.б.  бар 23 резервтік кен орындарын ұсыну жоспарланған. Жер қойнауын пайдалану құқығы қарсы міндеттемелерді белгілеумен яғни орташа өңдеу деңгейінен төмен емес өнімдерді өндіру мақсатында беріледі.

2023 жылы ҚР ӨҚМ міндеттемелерінің орындалуына белсенді мониторинг жүргізді, оның нәтижелері бойынша лицензиялық келісім-шарт талаптарының бұзылуын жою бойынша 1624 хабарлама жіберілді. Кен орындарының тексерісі басталғаннан бері 145 келісім-шарт пен 337 лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану туралы құқықтардың қолданысы тоқтатылды. Сондай-ақ міндеттемелерді орындамағаны үшін жер қойнауын пайдаланушылардан 6,4 млрд теңге көлемінде айыппұл белгіленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив