Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

2025 жылы Ұлттық өнеркәсіптік ақпараттық жүйе енгізіледі

17-03-2024, 16:17 Мадина Айдарова

Осы жылдың 15 наурызында ҚР Өнеркәсіп министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Жаннат Дүбирова сөз сөйлеп, жобалық тәсілді енгізу және әр сала бойынша жобалық портфельдерді анықтау, сондай-ақ министрліктің 2024 жылға арналған жоспарлары жайында айтып берді.

«Біз ұлттық өнеркәсіптік ақпараттық жүйені құруды бастадық, ол өнеркәсіптің барлық салаларын қамтуы және кәсіпорындармен өзара әрекеттесу алаңына айналатын, сондай-ақ деректердің аналитикасын қалыптастыру, ақпаратты қабылдау мен беру және өнеркәсіптік даму бойынша шешімдер қабылдау үшін жаңа деректерді қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялануы тиіс», – деді вице-министр.

Жүйені енгізу екі кезеңде жоспарлануда: 2024 жылы бірінші кезең шеңберінде негізгі әзірлеу және сынамалы жұмыстарды жүргізу жоспарлануда, ал 2025 жылы цифрландыру толығымен аяқталып, жүйе іске қосылады.

Сондай-ақ, Жаннат Дүбірова Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасының (minerals.gov.kz) ағымдағы жобасы туралы айтып өтті, оған сәйкес ағымдағы жылы 23 мемлекеттік қызметтің 10-ын жүктеп алу, есептерді индекстеу және цифрландыру жұмыстары жоспарлануда.

Құрылыс блогына қатысты Вице-министр құрылыс бөлімінің цифрлық экожүйесін жасау қажеттілігіне тоқталды, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық деректерін орталықтандырылған және жүйелі түрде жинауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені дамыту жоспарлары туралы айтты.

Сөзінің соңында Жаннат Дүбірова қаңтар айында орындалған міндеттердің жетістіктерімен бөлісті, соның ішінде: Министрліктің Бірыңғай байланыс орталығын енгізу, 700-ден астам іске асырылып жатқан жобаларды сол уақытта қадағалауға мүмкіндік беретін Жобаларды басқару кеңсесін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны, сондай-ақ онлайн режимде лицензиялау және келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы есептерді қабылдауды іске қосу.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив