Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстандық делегация БҰҰ-ның есірткі жөніндегі комиссиясының сессиясына қатысты

18-03-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация БҰҰ есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының 67-ші сессиясына қатысты.

Комиссияға 1000-нан астам делегат, оның ішінде түрлі елдердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін ведомстволарының 100-ден астам басшылары қатысты.

Сессия барысында делегаттар әлемдік есірткі проблемасымен күресудің кешенді стратегиясы бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Шараға Ішкі істер министрлігінен министрдің орынбасары Айдос Рысбаев қатысты. Ол өз сөзінде Қазақстан үкіметінің ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша қабылдап жатқан шараларына назар аударды. Штаб-пәтері Алматыда орналасқан Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске маңызды үлес қосатынын хабарлады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив