Адам саудасымен күрес Ішкі істер министрлігі мен Еңбек министрлігіне жүктелмек
Заң жобасында адам саудасымен күресудің халықаралық тәсілі – төрт P (Пи) тұжырымдамасы қарастырылады: серіктестік, алдын алу, қылмыстық қудалау, құрбандарға көмек.
Серіктестік аясында алғаш рет заң деңгейінде Ішкі істер министрлігі мен Еңбек министрлігінің уәкілетті органдары белгіленіп отыр. Басқа мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалардың (туризм субъектілері, жұмыспен қамту агенттіктері) функциялары біріктіріледі.
Адам саудасы тәуекелдерін бағалай отырып ескерту – профилактикаға баса назар аударуды білдіреді. Әдістеме әзірлеу, құқықбұзушылыққа ықпал ететін себептерді табу және оларды жою бойынша зерттеулер жүргізу жоспарланған.
Қылмыстық қудалау аясында адам саудасының барлық нысаны, соның ішінде мәжбүрлі еңбек, жыныстық қанау және органдарын алып тастау сынды қылмыстарға жауапкершілік қарастыратын заңнамаға анықтамалық норма енгізілді
Жәбірленушілерге көмек көрсету үшін қылмыстық істің қозғалуына және жәбірленушілердің құқықтарына қарамастан «адам саудасының құрбаны» ұғымы заңды түрде анықталады.