Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Қарулы күштер мекемелерінің мәдениет саласындағы қызметтеріне тарифтер бекіту туралы Қорғаныс министрінің бұйрығына өзгерістер енгізілуде

20-03-2024, 13:55 Мадина Айдарова

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.

Бұл нормативтік құқықтық акт «Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің жіктеуін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаржы министрінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 1290 бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында дайындалды, сатудан түскен ақша олардың иелігінде қалады.

Жаңа редакцияда қызметтердің атауы бекітілген жіктеуші кодтарға сәйкес келтірілді. Сондай-ақ, құжатта Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Алматы және Қонаев қалаларындағы филиалдары ұсынатын қызметтердің тарифтері де жазылған.  

Жалпы, көрсетілетін қызметтерге бұрын бекітілген тарифтердің құны өзгерген жоқ. Филиалдарда баға белгілеу тиісті өңірдегі ұқсас қызметтер бағасының мониторингі негізінде жүргізілді.  

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 4 сәуіріне дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14988175 сілтеме арқылы танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив