Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

ҚТЖ-да локомотивтердің дизель отынын тұтынуы 3,3%-ке азайды

20-03-2024, 17:04 Мадина Айдарова

2023 жылы “ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС дизель отынының үлес шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ке төмендетіп, 1169 тонна үнемдеді.

Оң нәтижелерге күнделікті бақылау мен өңірлік басшылардың онкүндік тыңдаулары есебінен қол жеткізілді. Сондай-ақ Жаңа-Арқа, Атырау, Мақат, Балқаш, Матай, Ақтоғай, Жем, Есіл, Аягөз, Түркістан деполарының қызмет көрсету учаскелері бойынша техникалық нормалар қайта қаралды.

Дизель отынына арналған "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС шығындарын төмендету қазіргі заманғы жоғары өнікті локомотивтерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Соңғы екі жылда KZ8A сериялы 130 электровоз және ТЭ33Ас тепловоздары сатып алынды. Бұдан басқа, 2ТЭ 25 Км сериялы жаңа магистральдық екі секциялы тепловоздар жеткізілді.

ҚТЖ локомотив паркін жаңарту жұмыстары жалғасатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив