Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Kaizen өндірісте шикізат пен суды үнемдеуге көмектеседі

21-03-2024, 17:26 Мадина Айдарова

«Феррум Контракт» табиғи-минералды су өндіру компаниясы Kaizen үнемді өндіріс жүйесін енгізді. Кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыруға жұмсалған шығындарының 14 млн теңге көлеміндегі бір бөлігін «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өтеді.

«Феррум Контракт» өкілдерінің айтуынша, белгілі жапондық тәжірибені енгізу кәсіпорында оң нәтижесін беруде. Зауыт қызметкерлері шикізатты үнемдеуді үйреніп, ең бастысы - су мен электр энергиясының шығыны азайған.

«Өткен жылы зауытта Kaizen үнемді өндіріс жүйесін енгізу бойынша арнайы тренинг өтті. Біз қызметкерлерге Kaizen қағидаттарын үйрету үшін жаттықтырушыны шақырдық. Ол біздің жұмысшыларға өндірістегі шығындардың сегіз түрімен таныстырып, проблемалық нүктелерді табу және оларды жедел шешу жолдарын үйретті. Оқыту оң нәтиже берді: жұмысшылар шикізатты, әсіресе пластик бөтелке ыдыстарын, желім мен жапсырмаларды үнемдеуді үйренді, ең бастысы-су мен электр энергиясының шығыны азайды. Бұл қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді», - дейді «Феррум Контракт» ЖШС директоры Данияр Какимов.

«Феррум Контракт» ЖШС табиғи-минералды су өндіру және құюмен айналысады. Зауыт Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Бірлік ауылында орналасқан. Өндірісте 14 адам жұмыс істейді.

Кәсіпорын сағатына 0,5 литрлік 2000, бір литрлік 1000 және 1,5 литрлік 700 бөтелке шығарады.

Kaizen бойынша жұмыс нәтижелерін талдау барысында техникалық суды қайта пайдалану бойынша да оң нәтижелер анықталды. Ол резервуарлар мен үлкен бөтелкелерді жуу үшін қолданылады. Жазда мұндай су ағаштарды суару үшін пайдаланылады, бұл оны тұтынуды азайтуға және коммуналдық шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Шығындарымыздың QazIndustry арқылы өтелген бөлігін өндіріс пен технологиялық процестерді одан әрі жетілдіруге, сондай - ақ қызметкерлерді оқытуға және олардың құзыреттерін арттыруға бағыттауды жоспарлап отырмыз», - деп бөлісті Д.Какимов.

Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry кәсіпорындардың шығындарының бір бөлігін өтеу түрінде өнеркәсіпті ынталандыру бойынша қызметтер көрсетеді. Шығындар еңбек өнімділігін арттыруға немесе өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған болуы тиіс.

Мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметкерлердің құзыретін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге, цифрлық технологияларды енгізуге, шығарылатын өнімге сертификаттық және зертханалық сынақтар жүргізуге, сертификаттарды тіркеуге және т.б. бағытталған шығындарды өтей алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив