Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Мемлекет басшысы Индонезияның жаңадан сайланған Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

26-03-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субианто Джойохадикусумоны Президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады.

– Сіздің дана басшылығыңызбен ғажап еліңіз өзінің экономикалық және әлеуметтік даму жолында жаңа белестерді бағындырып, халықаралық аренадағы рөлін нығайта түсетініне сенімдімін. Қазақстан мен Индонезия арасында өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынас орнаған. Елдеріміздің мүддесіне сай көпжақты ықпалдастықты дамыту үшін бар мүмкіндікті бірлесе пайдалануға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Индонезия Президентінің барлық бастамасы табысты жүзеге асып, халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив