Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Мәжіліс жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

27-03-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжілісте салалық министрліктер мен сарапшылардың қатысуымен жасанды интеллектіні қолдану және реттеу мәселелері бойынша жиын өтті.

– Егер біз ұлт ретінде бәсекеге қабілетті болғымыз келсе, жасанды интеллект саласындағы инновацияларды белсенді дамытып, қолдау көрсетуіміз керек. Ол үшін ең алдымен заңнамалық негіз қажет. Сондықтан Мәжіліс депутаттары біраз уақыт тиісті заң жобасын дайындады. Оның басты мақсаты – саланы дамыту, инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ осы саладағы құқықтық қатынастарды нақты анықтау, – деді жиынды ашқан Асхат Аймағамбетов.

Өз кезегінде Екатерина Смышляева Мәжілістің жасанды интеллектіні заңнамалық реттеудегі тәсілдеріне тоқталды. Оның айтуынша, Мәжіліс жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық қағидаттарын, платформаның жұмысын реттеуді және осы саладағы саясатты айқындау құзыретін қамтитын жеке заң жобасының бөлігі ретінде арнайы регламент әзірледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин, Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков және басқа да мамандар сөз сөйледі. 

Мәжіліс жұмысының аясында және кәсіби міндеттеріміз аясында біз барлық салада жасанды интеллект технологиясын қауіпсіз және тиімді енгізу үшін құқықтық жағдай жасауымыз керек. Бұл бағытта мемлекеттік органдармен, салалық министрліктермен бірлесе жұмыс істейтін боламыз, – деп түйіндеді Е.Смышляева.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив