Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Сенаторлар «жасыл» инвестицияны ынталандыру мәселесін талқылады

27-03-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен кездесті. Мемлекеттің «жасыл» инвестицияны тартуды көтермелеу мен ынталандыру және ең үздік қолжетімді техниканы кеңінен қолдану аясында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін іске асыру – күн тәртібіндегі басты мәселе болды.

Комитет төрағасы Әли Бектаев Экологиялық кодекстің 2021 жылы қабылданғанын атап өтті. Бұл бағытта бірнеше жыл бойы ауқымды істер атқарылды. Соның нәтижесінде құжатта үздік халықаралық тәжірибеге негізделген стратегиялық ережелер топтамасы бекітілді.

«Экологиялық кодекстің негізгі мақсатының бірі -  қоршаған ортаға теріс әсерді азайту болып отыр. Ол үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды техникалық жағынан жаңғырту көзделген болатын. Солардың бірі - ең жақсы қолжетімді техниканы бірте-бірте енгізу және жасыл инвестицияларды қолдау тәсілдері қарастырылған. Кодексте бұл нормалардың іске асырылуы кезең-кезеңмен бекітілген», - деді Әли Бектаев.

Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Мансұр Ошурбаев өз кезегінде Экологиялық кодекс қазіргі заманғы экологиялық саясат бағытындағы маңызды қадам болып табылатынын және қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту мен экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ұмтылыстың ажырамас бөлігі ретінде жасыл технологияны енгізу тетіктерін көздейтінін атап өтті. Қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мен экологиялық жағдайды жақсартудың тиімді құралы – ең жақсы қолжетімді технологияны енгізу ұстанымы болып табылады.

Шараға сонымен қатар экология, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, сауда және интеграция министрліктерінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығы, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкінің, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері және осы саланың сарапшылары қатысты.

Суретті түсірген: А. Байжұманов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив