Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Қазақстан Ресей мұнайының ҚХР-ға транзитінен $1,7 млрд астам табыс табады

27-03-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі сәрсенбіде өткен жалпы отырыста "2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң қабылдады.

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев депутаттарға 2013 жылғы Келісімге енгізілген өзгерістер туралы айтып берді.

Атап айтқанда, министрдің айтуынша, транзит көлемі, тарифтер және мұнай транзиті үшін есеп айырысу бойынша өзектендіру, сондай-ақ Келісімді 2033 жылға дейінгі он жылдық кезеңге ресейлік мұнай транзитін жыл сайын 10 млн тонна көлемінде ұзарту көзделіп отыр. Мұнай айдау тарифі тоннасына 15 АҚШ доллары деңгейінде бекітілді.

Сондай-ақ, Келісімге түзетулермен ТОН – 2 (Туймазы – Омск-Новосибирск-2) маршрутының учаскесін келісімге енгізу және $2,1 тарифті бекіту көзделген.

Келісімді ұзарту  ПМХЗ-н Омбы-Павлодар мұнай құбыры арқылы ҚР  түсетін мұнаймен жүктеуді қамтамасыз етеді.

"2024 жылдан 2033 жылға дейінгі кезеңде Ресей мұнайының Қазақстан аумағы арқылы ҚХР - ға транзиті үшін екі учаске бойынша күтілетін түсім 1.710.000.000 АҚШ долларын құрайды", - деді А.Сәтқалиев депутаттарға құжатты ұсына отырып.

Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған келісімге 2013 жылғы 24 желтоқсанда қол қойылып, 2014 жылғы шілдеде ратификацияланды. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін айқындалды.

2017 жылы тараптар транзитті жылына 7 млн тоннадан жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

Осыған байланысты Тараптар Келісімді 2024 жылдан 2033 жылға дейін ұзартуға өзара мүдделілік білдірді және 2013 жылы қол қойылған келісімге өзгерістер енгізу бойынша тиісті келіссөздерге кірісті.

Анықтама: 2014 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан аумағы арқылы Ресей мұнайының ҚХР-ға жалпы транзиті 90.899.271 тоннаны құрады. Жалпы кіріс 1.327.000.000 (бір миллиард үш жүз жиырма жеті миллион) АҚШ долларын құрады.

Заңды ҚР Парламенті Сенаты қарайтын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив