Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Қазақстанда «Бекіре-2024» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтеді

30-03-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2024» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтеді.

Уылдырық шашу кезеңінде табиғатты қорғау және құқық қорғау органдарының қызметкерлері балықтардың, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын жерлерге қоныс аударуын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын балықтың заңсыз аулануы мен айналымына қарсы іс-қимыл бойынша күш біріктіреді. Балық қорғау іс-шараларының тиімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы, ішкі істер министрлерімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының «Бекіре-2024» балық қорғау акциясын өткізу туралы бірлескен бұйрығына қол қойылды.

Осы бұйрықпен балық қорғау акциясын өткізу кезінде құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі үйлестіру штабының құрамы, сондай-ақ акция кезінде бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді. Үйлестіру штабына басшылық жасау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне жүктелген.

Акция аясында браконьерлік фактілерінің орын алуы ықтимал жерлерінде жылжымалы бекеттер мен мобильді рейдтік топтар ұйымдастырылды. Бұл ретте негізгі күштер мен құралдар Каспий теңізінің жағалауы мен акваториясында және Жайық пен Қиғаш өзендерінің сағалық кеңістігінде шоғырланған.

Сонымен қатар, акция кезеңінде әуежайларда, вокзалдарда және автотрассаларда балық өнімдерін әкетуге бақылау күшейтілді.

Аталған шаралар қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескере отырып, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының табиғи популяциясын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив