Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

МҚІА персоналды басқару қызметтері және Әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар-тренинг өткізді

30-03-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі орталық мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері мен Әдеп жөніндегі уәкілдері үшін онлайн вебинар форматында семинар-тренинг өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, оларға бұрын мемлекеттік органдардың қызметінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді талдау негізінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру.

Семинар-тренинг барысында мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру немесе тарату, штат санын қысқарту, басқару құрылымын өзгерту, сондай-ақ демалыс және іссапарлар кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтау мәселелеріне жүргізілген талдау қорытындылары бойынша тәжрибеден алынған кейстер қаралды.

Қатысушыларға мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтауға бағытталған іс-шараларды жан-жақты және сапалы орындау қажеттілігі түсіндірілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив