Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

«Орталық Азия – Қытай» Хатшылығы өз жұмысын бастайды

30-03-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Сиань қаласында «Орталық Азия – Қытай» Хатшылығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, оған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев, Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сунь Вэйдун және ҚХР-дағы Орталық Азия елдерінің елшілері қатысты.

Ә.Бақаев өз сөзінде өткен жылы «Орталық Азия – Қытай» мемлекет басшыларының бірінші саммиті өткенін, оның барысында «Сиань декларациясына» қол қойылғанын, сондай-ақ Хатшылық құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті. Орталық Азия елдері мен Қытайдың тарихи қарым-қатынастарын ескере отырып, Хатшылықтың штаб-пәтері орналасатын жері ретінде Сиань қаласы таңдалды.

Қазақстандық дипломат Хатшылықты құру тығыз өзара іс-қимылдың жаңа бағыты болғанын және өңірлік саясаттың маңызды факторына айналатынын атап өтті.

Сөз соңында Ә.Бақаев ұйымдастырушыларға және барлық қатысушыларға іс-шараның ашылу салтанатына қатысқаны үшін алғысын білдіріп, екі ел халықтарының игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив