Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Будапештте монополияға қарсы ведомстволар басшыларының кездесуі өтті

1-04-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл 26 наурызда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының Бірінші орынбасары Рустам Ахметов Будапешт қаласында (Венгрия Республикасы) ЭЫДҰ Бәсекелестік жөніндегі өңірлік орталығы ұйымдастырған монополияға қарсы ведомстволар басшыларының жыл сайынғы кездесуіне спикер ретінде қатысты.

ЭЫДҰ Бәсекелестік комитетінің төрағасы Фредерик Женни, Еуропалық соттың өкілі Мария Рантоу және бизнес мектебінің профессоры Мадрид Франциско Маркостың қатысуымен монополияға қарсы ведомстволардың басшылары монополияға қарсы органдардың сот жүйесімен өзара іс-қимылының және Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдеріндегі бірігуді бақылаудың өзекті мәселелерін талқылады.

Рустам Ахметов экономикалық шоғырлануды реттеу, мемлекет пен жеке нарық субъектілері арасындағы мәмілелерді және аралас нарықтарда активтерді сатып алу жөніндегі монополиялар мәмілелерін бақылауды кеңейту жөніндегі Қазақстандық тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, Рустам Ахметов бәсекелестік ведомстволары басшыларының келесі отырыстарында бәсекелестікті дамыту және Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінің экономикасын монополиядан арылту жөніндегі монополияға қарсы реттеушілердің тәжірибесін талқылауды ұсынды.

Аталған шараға Қазақстан Тарапынан Қазақстан Республикасының Венгриядағы елшісі Жәнібек Әбдірашов та қатысты.

ілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfabudapest/press/news/details/734551?lang=kk )

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив