Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
460.8 541.21 6.13

Астанадан өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

1-04-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы Ұлттық волонтерлер желісінің өкілдері хабарлады. Демалыс күндері су тасқынына қарсы шаралар жүргізіліп жатқан өңірлерге Астанадан 14 гуманитарлық көмек газелі жіберілді. Елорда тұрғындары су тасқынынан зардап шеккендерге киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена құралдары және т.б. жинады. Қазіргі таңда елордада 9 қойма жұмыс істеп тұр. Іс-шараға 30 волонтерлік ұйым, 200 волонтер қатысты.

Аймақтарға көмек жинау пункттері де қарқынды режимде жұмыс істеуде.

Ақтөбеге 31 наурызда Түркістан облысынан гуманитарлық көмек келді. Ол сол аймақтағы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға таратылды.

Волонтерлер, қоғамдық белсенділер, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, Атырау облысының тұрғындары да шетте қалмады. Үш күн ішінде «Күш бірлікте» акциясы аясында олар Ақтөбе облысының тұрғындары үшін 8 тонна гуманитарлық көмек жинады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив