Мемлекеттік гранттар конкурсына ҮЕҰ-дан өтініш қабылдау жалғасып жатыр
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, үкіметтік емес ұйымдардан мемлекеттік гранттарға өтініш қабылдап жатыр.
Қазақстандық ҮЕҰ Бірыңғай грант операторының cisc.kz сайтында 23 ақпан мен 28 наурызда жарияланған екі конкурс аясында, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін гранттар алуға мүмкіндік бар.
Бірінші байқау аясындағы жобалар қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында жүзеге асырылуы тиіс. Байқау шарты бойынша жеңімпаз арнайы kazislam.kz интернет-порталының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Жоба ұзақ мерзімді, 3 жылға созылады (2024-2026 жж.).
Аталмыш конкурс бойынша өтініш қабылдау 4 сәуірде аяқталады. Хабарландырудың толық мәтінімен мына сілтемеге өтіп, танысуға болады: https://cisc.kz/ru/czentr-obyavlyaet-povtornyj-grantovyj-konkurs-po-zakazu-ministerstva-kultury-i-informaczii-rk-74032.html.
Екінші конкурс аясында лаңкестік әрекет орын алған аймақтардан оралған азаматтарға және қаза тапқан /хабарсыз кеткен қазақстандықтардың туыстарына құқықтық немесе әлеуметтік көмек көрсету бойынша әлеуметтік жобаны іске асыру үшін, бір мәрте қысқа мерзімді грант (іске асыру мерзімі 3 айдан бір жылға дейін) беріледі. Грант сомасы - 11 076 млн теңге. Хабарландырудың толық мәтіні мына сілтемеде https://cisc.kz/ru/konkurs-grantov-po-zakazu-ministerstva-kultury-i-informaczii-rk-74630.html.