Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Қарулы күштердің әскери қызметшілері су басқан аймақтардан 1,5 мың адамды эвакуациялады

2-04-2024, 09:00 Мадина Айдарова

Армияның бөлімшелері төтенше жағдай режимі жарияланған жергілікті жерлерде құтқару және су тасқынына қарсы іс-шараларды жалғастыруда.

Батыс Қазақстан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы Қалдығайты өзенінің жағасын күшейту мен бөгеттер жасау жұмыстарын орындады. Әскери қызметшілер 2700 қап құм дайындады. Абай облысы Аягөз ауданының Мамырсу ауылындағы бөгетті күшейту үшін 2400 текше топырақ әкелінді, 540 метр үйінді тұрғызылды. 

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 02352 әскери бөлімінің жеке құрамы арнайы техниканы қолдана отырып, шығыс өңірдегі Орда өзенінен өтуге екі аралық көпір орнатты. 

Халыққа көмек көрсету үшін Қарағанды облысы Нұра ауданының Нұра, Мыңбаев, Егенді ауылдарына «Астана» өңірлік қолбасшылығының 44803 және 55524 әскери бөлімдерінен 123 әскери қызметші келді. Арнайы техникадан 8 бірлік бөлінді. Нұра ауданы Тассуат ауылының тұрғындарына көмек көрсетіліп жатыр. 

Армия авиациясының экипаждары су басқан елді мекендерден және Ақтөбе облысының қыстақтарынан халықты эвакуациялауға атсалысуда. 

Абай облысы Тассай елді мекенінің аумағында (Семей қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 290 шақырым) әуе базасының ұшқыштары су тасқыны аймағынан екі қойшыны тауып, эвакуациялады. 

27-31 наурыз аралығында құтқару шараларына барлығы 729 әскери қызметші жұмылдырылды. Қостанай, Абай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының су басқан аудандарынан 1 500-ге жуық адам құтқарылды, оның 384-і бала. 13 500 қап құм дайындалып, төселді, шамамен 420 метр ағын су кәріздері тазартылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив