Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Үкіметте инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі өзектендірілген шаралар кешені қаралды

2-04-2024, 10:27 Мадина Айдарова

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі өзектендірілген шаралар кешенінің жобасы қаралды.

Құжат 2025 жылға дейін ұзартылып, жаңа іс-шаралармен толықтырылмақ. Жаңа шаралар күзгі егіннің көкөніс қорларын қалыптастыруға, химия саласында инвестициялық жобаларды, жеңіл өнеркәсіпте импортты алмастыратын жобаларды іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ Шымкентте жылыжай кешені мен көкөніс қоймасын, ШҚО-да өсімдік майын өндіру зауытын, Алматы облысында ет комбинатын салуға, Қызылорда облысында қарқынды бақтар өсіруге, Қостанай облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жүйесін орнатуға және т. б. Қарастырылған.

«Өзектендірілген шаралар кешенінде әрбір іс-шара бойынша нысаналы индикаторлар көзделетін болады. Тұтастай алғанда, құжат тауарлар қатарын ұлғайту арқылы инфляциямен күресуге бағытталған. Сондықтан іске қосылған мемлекеттік органдардың барлығы ішкі нарықты қанықтыру үшін отандық өнім өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі шараларды күшейтулері  қажет», — деп атап өтті ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Кеңесте жалпы шаралар кешенінің жобасы мақұлданды. Құжат алдағы уақытта қажетті келісу рәсімдері мен бекіту үшін жолданатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив