Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Премьер-Министрдің орынбасары Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар барысын тексерді

4-04-2024, 10:09 Мадина Айдарова

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары, вице-премьер Қанат Бозымбаев пен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Ақмола облысының су басу қаупі бар аймақтарын аралап көрді.

Премьер-Министрдің орынбасары, төтенше жағдайлар министрі және Ақмола облысының әкімі елорда маңындағы аудандардағы Нұра, Есіл өзендері бассейндеріндегі су ағынын тексерді. Су тасқынының екінші кезеңінің басталуына байланысты облыстағы жағдай тұрақты түрде күрделі деп бағалануда.

Нұра, Есіл, Жабай және Колутон өзендерінің су деңгейін тәулік бойы бақылау үшін бекеттер құрылды. Мұз кептелістері қалыптасқан кезде оларды жою үшін жару жұмыстары жүргізіледі. Өңірге Астана қаласы әкімдігі мен елордалық ұйымдардың арнайы техникасы жіберіліп, ТЖМ және ҚР Азаматтық қорғаныс академиясының күштері қайта орналастырылды.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені Жібек Жолы ауылында белсенді түрде іске асырылуда. Елді мекенді қорғау үшін инертті материалы бар қапшықтар дайындалып, 2300 метр қорғаныс үйіндісін нығайту және күшейту жұмыстары жүргізілуде.

Сапар Целиноград ауданы Р. Қошқарбаев ауылында орналасқан Нұра өзенінің гидропосттарын аралаумен жалғасты. Вице-премьерге еріген қарғын су қозғалысының жағдайы туралы баяндалды. Гидропосттарда тәулік бойы бақылау жүргізіледі. 3 сәуірдегі жағдай бойынша өзендегі су деңгейінің төмендеуі байқалады.

Қосшы қаласының Тайтөбе ауылында ұзындығы 2400 метр топырақ үйіндісі қорғанысын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Целиноград ауданындағы Қараөткел, Қаражар, Талапкер ауылдарында да су тасқынына қарсы іс-шаралар тексерілді.

Штаб басшысының орынбасары облыс әкімі мен ТЖД басшысына елорда маңындағы өңірлерде су тасқынынан өту мәселесін жеке бақылауға алуын тапсырды. Сондай-ақ қауіп-қатерді жоюға бағытталған бірқатар тапсырма берілді.

Ақмола облысы бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 1500-ге жуық адам мен 350 бірлік техника жұмылдырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив