Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау үшін олардан тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынады

4-04-2024, 11:09 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңа редакцияда шағын және орта бизнес субъектілері арасында жүзеге асырылатын жұмыстардың, қызметтердің, тауарлар мен сатып алулардың тізбесін енгізу ұсынылады. Тізбені Қаржы министрлігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітеді. Бұл шара отандық тауар өндірушілерді, бірінші кезекте ШОБ субъектілерін қолдауға бағытталған.

Сонымен қатар жергілікті компанияларды қолдау үшін әлеуетті өнім берушінің бәсекеге қабілетті баға ұсынысына әсер ететін аумақтық сипаттамалар түрінде критерийлер беріледі. Осыған орай жұмыс жүргізіліп жатқан ауданда тіркелген өнім берушілерге 1 пайыздық шартты жеңілдік қарастырылған.

Оң динамиканы ескере отырып, аумақтық сипаттамаларды кеңінен пайдалану бойынша жұмыс жалғасады. Шартты жеңілдікті арттыру мүмкіндігі қарастырылады.

Мемлекеттік сатып алу ережесіне өзгерістер енгізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив