Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Офтейк-келісімшарттары бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың негізі болады

4-04-2024, 11:36 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында отандық тауар өндірушілермен офтейк-келісімшарттардың үлесін жыл сайын кемінде 10 пайызға немесе 2 триллион теңгеге дейін арттыруды тапсырған болатын. Осыған байланысты оларды бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізі ретінде анықтау ұсынылады. Түзетулер өңдеу өнеркәсібіндегі отандық тауар өндірушілерді қосымша қолдауға бағытталған.

Мұндай шарттарды жасасу, конкурстық рәсімдер мен олардың орындалуын бақылау жұмыстарын реттеу мен жауапкершілік («Өнеркәсіптік саясат туралы» және «Квазимемлекеттік сектордың жеке субъектілерін сатып алу туралы» заңдарға сәйкес) Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарында қалады. 

Сонымен қатар EPC келісім-шарттары енгізіледі. Бұған нысанды салу және пайдалануға беру бойынша кешенді жұмыстар кіреді. Бұл жағдайда жобаның барлық кезеңінде жауапкершілік бір жеткізушіге жүктеледі. EPC келісім-шарттарын жасасуға дайындық рәсімдерінің мерзімдерін қысқарту көзделіп отыр. Бұл әкімдіктердің басым және кезек күттірмейтін жобаларды іске асыру тиімділігін арттырады. 

Нормаларды жұмыс тобы қолдады, талқылау жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив