Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Маңғыстау облысында әскерилер «Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуына дайындықты талқылады

5-04-2024, 19:30 Мадина Айдарова

Ақтау қаласында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Дәурен Манаптың басшылығымен жоспарлы конференция өтті.

Іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты.

Тараптар «Бірлестік-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының дайындығына байланысты бірқатар мәселелерді талқылады. Әскери мамандар осы жылдың шілде айында оқу-жаттығу өткізуге жоспарлап отырған «Оймаша» полигонында оны ұйымдастыру мәселелерін пысықтап, Каспий теңізіндегі Тоқмақ мүйісінде болды. 

Әскери маневрлер теңіздегі түнгі эпизодтарды және десант түсіруді қамтиды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив