Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Роман Скляр ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді

6-04-2024, 13:31 Мадина Айдарова

2024 жылғы 5 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Жиында жанар-жағармай нарығындағы ағымдағы жағдай қаралып, отынды елімізден заңсыз әкетудің жолын кесу шаралары талқыланды.

Энергетика министрлігі өкілінің баяндамасында қазақстандық бағаның көршілес елдермен диспаритетіне байланысты ЖЖМ ағындары мен «жасырын» экспортының қаупі бар екені атап өтілді.

Ішкі нарықта тапшылықты болдырмау мақсатында ҚР ҚМА, ҰҚК ШҚ, ҚМ МКК және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шекаралық өткелдерде ЖЖМ әкетуді бақылау жұмыстарын күшейту тапсырылды.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шетел жүк көліктері үшін шекара маңындағы АЖС-ға сараланған бағаларды белгілеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив