Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Олжас Бектенов пен вице-премьерлер су тасқыны жағдайы ауыр өңірлерде жұмыс істеп жатыр

6-04-2024, 14:22 Мадина Айдарова

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша су тасқыны жағдайын тұрақтандыру үшін Премьер-Министр мен вице-премьерлер су тасқынына байланысты аса күрделі ахуал қалыптасып отырған өңірлерде жұмыс істеп жатыр.

Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов қазір – Қостанай облысында.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына аттанды.

Премьер-Министрдің орынбасарлары Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына, Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысына жіберілді.

Сәуірдің 5-нен 6-на қараған түні Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына ұшып барды.

Бұған дейін Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынының салдарын жою жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының су тасқынына дайындығын тексерген болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив