Сарандағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімінде сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасты
Қарағанды гарнизонындағы 44803 әскери бөлімінде мерзімді қызметтің 150 әскери қызметшісін салтанатты түрде запасқа шығарып салды.
Оған бөлім қолбасшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері және қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.
44803 әскери бөлімінің командирі полковник Александр Бородулин Әскери ант берудің және запасқа шығарылған кезде Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімінің маңыздылығын атап өтіп, әскери қызметшілерге адал қызметі үшін алғысын білдірді.
Лауазымдық міндеттерін жауапты орындағаны, жауынгерлік дайындық пен әскери тәртіптің жоғары деңгейі үшін бірқатар жауынгерлерге «Үздік сарбаз» төсбелгілері, құрмет грамоталары табыс етіліп, ата-аналарына алғыс хаттар жіберілді.
150 әскери қызметшінің сегізі келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыру туралы шешім қабылдағанын айта кету керек. Ал 88 адам қолданыстағы жеңілдетілген білім беру жүйесі бойынша жоғары оқу орнына түсу құқығын пайдаланады.