Cемей-10°С
Погода
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
498.34 519.72 4.85

Новогоднее обращение Касым-Жомарта Токаева к казахстанцам

Фото: Акорда

1-01-2024, 03:30

Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев с новым, 2024 годом, передает агентство Kazinform.

— Бәріміз бір ел болып, Жаңа жылды қарсы алып отырмыз. Баршамыз ескі жылды ой елегінен өткіземіз, алдағы жылға жоспар жасап, жаңа мақсат қоямыз. Біз осы сәтте бір-бірімізге ақ тілегімізді арнаймыз, сый-құрмет көрсетеміз. Қасиетті Отанымыздың берекелі бірлігі жұртымыздың осындай тату тірлігінен басталады.

2023 жыл Қазақстан үшін табысы мен тауқыметі қатар келген жыл болды. Өмірде қуаныш пен қиындықтың алма-кезек болуы — заңдылық. Бірақ, біз еңсемізді тік ұстап, келешекке әрдайым сеніммен қараймыз.

Биыл жұртымыз Жаңа жылды көптен күткен жағымды жаңалықпен қарсы алуда. Жақында халқымыздың саны 20 миллионға жетті. Еліміз үшін бұл ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Халық санының өсуі — мықты мемлекет болудың және өркендеудің кепілі. Ал, бақытты отбасы — бақуатты елдің арқауы.

Қазақстан стратегиялық бағдары айқын ел ретінде тұрақты дамып келе жатыр. Біз ынтымақ-бірліктің және қажырлы еңбектің арқасында ауқымды іс-шаралар атқардық. Жаңару мен жаңғыру жолындағы маңызды реформаларды жүзеге асырдық. Осылайша, мемлекеттігіміздің тұғырын бекемдей түстік.

Заң мен Тәртіп үстемдігін орнатуды мемлекеттік саясаттың негізгі бағдары деп жарияладық. Осы бағытта нақты шараларды қабылдауға кірістік. Білім беру және денсаулық сақтау саласында ауқымды жобаларды қолға алдық. Әділдікке негізделген жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық. Яғни, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін аса маңызды қадам жасадық. 

Шетелден миллиардтаған доллар инвестиция тарттық. Соның арқасында елімізге аса қажет өндірістер ашылды. Жұмыс орындары пайда болды. Ел экономикасының басты қозғаушы күші ретінде шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсететін болдық.

Заңсыз алынған экономикалық активтерді елге қайтару жұмысы жалғасуда. Мемлекетке қайтарылған қаржы көп ұзамай халықтың игілігіне жұмсалатын болды, яғни мектептер салына бастады. Жылдар бойы игерілмей келген миллиондаған гектар жер адал шаруаларға берілетін болды.

Созидательный потенциал нашей нации нашел свое воплощение в трудовых подвигах рабочих, инженеров, фермеров и крестьян, беззаветной службе Родине военнослужащих и сотрудников сил правопорядка, успешных проектах предпринимателей, общественно полезных трудах ученых, творчестве деятелей культуры. 

Сегодня истинными героями нашего времени стали профессионалы своего дела — педагоги, медицинские работники и все люди труда. Пример солидарности и взаимной поддержки показали добрые дела волонтеров и меценатов, героические поступки спасателей и просто неравнодушных граждан. Мы начали важную работу по формированию новой общественной этики, продвижению в обществе ценностей труда и культа знаний, развитию креативной экономики. 

Елімізде кәсіби спортпен қатар, бұқаралық спорт қарқынды дамуда. Әсіресе, балалар дене шынықтырумен белсенді айналысатын болды. Сол себепті, мемлекет ауылдық және қалалық жерлерде жаңа спорт нысандарын салып жатыр.

Благодаря сбалансированному, конструктивному внешнеполитическому курсу Казахстан укрепил свои позиции на международной арене в полном соответствии с долгосрочными национальными интересами.

Бір сөзбен айтқанда, осы жыл біздің еліміз үшін мол табысқа, жарқын сәттерге және маңызды оқиғаларға толы болды. Жалпы, экономикамыз 4,9 пайызға өсті. Тұтас жұрт болып көптеген өзекті мәселені шеше бастадық. Осылайша, еліміздің дамуына тың серпін бердік. Ең бастысы, біз жалпыға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Жүргізілген реформалар өз жемісін бере бастады. Бұл — бәрімізге ортақ іс. Сондықтан, мен осы маңызды жұмысқа атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамын.

Новый год — это всегда новые задачи и вызовы. Уверен, в следующем году мы станем свидетелями нового подъема нашей нации. Но нам предстоит много трудиться, чтобы построить конкурентоспособную, сильную, процветающую страну.

В новом году мы продолжим системные реформы, нацеленные на укрепление нашей государственности, повышение благополучия народа. Мы примем комплексные меры для утверждения в обществе диктатуры закона и порядка. Государство будет создавать новые точки роста в промышленности, сельском хозяйстве, энергетике и других секторах экономики.

Біз әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж жандарға әрдайым қамқор боламыз. Мұғалім, дәрігер, құтқарушы, әскери қызметші, тәртіп сақшысы және басқа да кәсіп иелеріне қолдау көрсетеміз.

Біз жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын маңызды шешімдер қабылдап жатырмыз. Жақында Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігі балалардың есепшотына түсе бастайды. Еліміздің жастары болашаққа нық сеніммен қарауы керек. Келесі жылы ұлтымыздың тарихына байланысты бірқатар іс-шара өткізіледі. Халқымыздың тұлғаларын есте сақтап, олардың еңбегін дәріптеу — ұрпақ парызы. Сондай-ақ, алдағы жылы елімізде Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Спортшыларымыз Жазғы олимпиадаға қатысады. Түптеп келгенде, әр азамат өз саласының нағыз маманы болуы керек. Сонда ғана Отанымыз өсіп-өркендейді. Біз әрбір таңға үміт артамыз, әрбір жылдан жақсылық күтеміз. Ал, үміттің ақталуы, арман-мақсаттың орындалуы өзімізге байланысты. Ең бастысы, еліміздегі татулықты, тыныштық пен тұрақтылықты бағалайық. Бірлігі мықты елдің рухы биік болады. Ұлы Абай айтқандай, бірлік дегеніміз — ең алдымен, ақылға — бірлік. Мемлекеттігімізді сақтау үшін ауызбіршілігімізді сақтайық. 

Қастерлі Отанымызды көркейтеміз десек, табанды еңбек етейік. Дамыған мемлекет болу үшін озық білімге ұмтылып, жаңа технологияны, соның ішінде жасанды интеллектіні игеруіміз қажет. Әрдайым бір-бірімізге қамқор болайық. Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет көрсетейік. Балаларымыздың тәрбиесіне баса мән берейік. Үлгі-өнеге болып, ұлағатты ұрпақ өсірейік. Тәуелсіздік ұрпақтары жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсіп келеді. Олар өнерде, спортта, ғылымда және бизнесте зор табысқа жетуде. Біз жастарымыздың осындай мықты, адал азамат болғанын мақтан тұтамыз. Қазақстанның болашағы — отаншыл, білімді, еңбекқор азаматтардың, яғни жастардың қолында. Мен жас ұрпақтың жасампаздық қуатына сенемін! Біз — бәріміз тек болашаққа, тек алға ұмтылатын мемлекет болуымыз керек. Біз бір ел болып біріксек, кез келген белесті бағындырамыз. Ең бастысы, еліміз тыныш, іргеміз бүтін болсын!

До Нового года остались считанные мгновения. Пусть грядущий год станет для всех нас годом больших свершений! От чистого сердца желаю каждому гражданину Казахстана и всем жителям нашей страны радости и счастья! Сонымен қатар, бүгін Жаңа жылдың қарсаңында жұмыс істеп жатқан адамдарға арнайы құттықтауымды жолдаймын. Сіздер елімізге адал қызмет етіп жүрсіздер. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жаңа жыл әр шаңыраққа, әр азаматқа қуаныш пен шаттық әкелсін! Үлкендеріміз аман болсын! Балалардың арманы орындалсын! Еңбектеріңіз жемісті болсын! Төрт құбыламыз түгел болсын! Көк туымыз мәңгі желбіресін! Әнұранымыз шырқала берсін! С Новым годом, уважаемые друзья! Жаңа жыл құтты болсын, ағайын, — сказал Президент.

Комментарии (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив